Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
Заң жобасы мақұлданды
2014 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламентінінің Сенатында өткен жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ұсынған «1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы 1987 жылғы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылған. Монреаль хаттамасына Пекин түзетулері 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Түзетулер гидрохлорфторкөміртектерді Монреаль хаттамасының мүшесі болып табылмайтын кез-келген мемлекетке экспорттауға немесе сондай мемлекеттен импорттауға тыйым салуды көздейді. Түзетулер, сондай-ақ, Монреаль…
Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде
2014 жылдың 9 сәуірінде «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағында Атырау қаласының тұрғыны жүргізген «Ямаха-200» моторлы «Амур» қайығын тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде қайық ішінен жалпы салмағы 317 кг құрайтын қара балық (сазан, көксерке, қаракөз) және моножіп және моноталшықтан жасалған 3 дана ау құралдары тәркіленді. Алынған балық «Надежда» ЖШС-не тапсырылды. Жиналған материал мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жіберілді. ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі 2014 жылдың 9 сәуірінде «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи ре…
«Бекіре-2014» акциясы бойынша
2014 жылдың 8 сәуірінде Атырау облысы әкімі Б. Ізмұхамбетовтың төрағалығымен «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аясында Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлікпен күресу мәселелері бойынша жедел мәжіліс өткізілді. Мәжіліс жұмысына ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков, прокуратура, ішкі істер, көліктік бақылау органдарының, шекара қызметінің, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында Қ. Мұсапарбеков балық қорғау акциясын өткізуді ұйымдастыру және өту барысы туралы мәлімдеді. Осы бағытта атқарылып жатқан шаралар бойынша құқық қорғау ведомстволарының ақпараттары тыңдалды. Отырыс қорытындысында браконьерлікпен күресуге бағытталған шараларды қарқындату және балық қорғау органда…
По акции «Бекіре-2014»
8 апреля 2014 года под председательством Акима Атырауской области Б. Измухамбетова состоялось оперативное совещание по вопросу противодействия браконьерству в Жайык-Каспийском бассейне в рамках широкомасштабной рыбоохранной акции «Бекіре-2014». На совещании приняли участие Председатель Комитета рыбного хозяйства Канат Мусапарбеков, представители органов прокуратуры, внутренних дел, транспортного контроля, пограничной службы, Государственного природного резервата «Ақжайық», а также средств массовой информации. В ходе совещания К. Мусапарбеков проинформировал о подходах к организации и ходе проведения рыбоохранной акции. Заслушана информация представителей правоохранительных ведомств о работе, проводимой в данном направлении. По итогам совещания принят ряд решений по активизации мероприятий…
Каспий теңізі байлығын қорғау шаралары жүргізілуде
Сенат Монреаль хаттамасы шеңберiндегi түзетулердi ратификациялады
BNews.kz ҚР Парламентi Сенаты «Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжiңде қабылданған түзетудi ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасы 1987 жылы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылды. Хаттамаға Бейжің түзетуi 1999 жылы 3 желтоқсанда енгізілді. Түзетумен Монреаль хаттамасының мүшесi болып табылмайтын кез келген мемлекетке гидрохлорфторкөмiртектi экспорттауға немесе импорттауға тыйым салу белгiленедi. Сонымен қатар, хаттамаға мүше мемлекеттер гидрохлорфторкөмiртегi өндiрiсiн реттеудiң қосымша шараларын енгiзедi. «Монреаль хаттамасы шеңберiнде бұл түзетулердi ратификациялау шағын және орта бизнеске озон бұзатын…
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде автокөліктер мен шиналарды кәдеге жарату жүйесін құру мәселелері талқыланды
2014 жылдың 9 сәуірінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі қағидаттарын ендіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырыс болып өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Талғат Ақсамбиев, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық ассоциациясының атқарушы директоры Вера Мустафина, Қазақстан автобизнесінің ассоциациясы президентінің кеңесшісі Наталья Пак, сондай-ақ, шиналарды импорттайтын және оларды кәдеге жарататын мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Аталған шараға қатысушылар автокөліктер мен шиналарды кәдеге жаратудың пәрменді жүйесін құру мәселесін жан-жақты талқылады. Бұл мәселелер Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамада қарастырылған ө…
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін және ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру мақсатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚР ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп..
Депутаттар «Жасыл» заңнаманың еуропалық тәжірибесін зерделейді Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау үшін және ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру мақсатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (ҚР ҚОСРМ) «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ағымдағы жылдың 11 сәуірінде сағ. 10.00 ҚР Парламентінің депутаттары үшін «Жасыл» экономика саласында заңнамалық базаны жетілдіру» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді. Семинардың мақсаты – «жасыл» экономика әдіснамасы саласында хабардар болуды және «жасыл» экономика принциптерін экономикалық саясатқа енгізуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің еуропалық тәжірибесін арттыру. Семинардың пленарлық бөлігінде ҚР Қоршаған орта мен су ресурс…
Құрметті табиғатты пайдаланушылар! «Жасыл даму» АҚ«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы...
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-ө бұйрығы ( бұдан әрі – Бұйрық) 2014 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланды (ҚР ӘМ 2014 жылдың 1 сәуірінде тіркелген). Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ парниктік газдар шығарындыларына бастапқы квота бірліктерін іске асыру шеңберінде сауданы бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұйрықтың 9-тармағына сай,«Квоталар бірліктері…