Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылорда қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінің айдауылдау қызмет салаларына автокөліктер берілді

Тәртіп сақшыларының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайтып және жедел іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бес қаруының сай болуы аса маңызды. Қазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты жағдай жасалып, қолдау көрсетіліп келеді. Соның бір айғағы ретінде Облыстық Ішкі істер департаментінің теңгеріміне тағы да 8 автокөлік берілді. Қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылған Газ-2705 маркалы автокөліктер күдіктілер мен айыпталушыларды тасымалдау үшін арналған. Автокөліктер айдауылдау қызмет саласына пайдалануға берілмек. Бұл аталған бөлініс қызметінің жеделдігін арттырып, жұмыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Осыған сәйкес, 04 тамызда…

0
0
449

Полицейлер жанұясы – қоғамдық тәртіп күзетінде

Әр салада бір мамандықты өмірлік азық етіп, бір кәсіпте бірге қызмет етіп жүрген жандар жетерлік. Алайда күні-түні қоғамдық тәртіпті қадағалап, ел тыныштығын күзете жүріп, отбасындағы бірлік пен тыныштықты сақтап жүру – әркім көтере бермейтін жауапты міндет. Осындай қиындықтарға қарамастан, бүгінде полиция қызметінде отбасылық жұп болып қызмет етіп жүрген қызметкерлер бар. Солардың бірі – полиция майоры Ғалымжан Нәдірбекұлы. Қызметіне қырағы тәртіп сақшысы департаменттің Көші-қон полиция басқармасында жұмыс істейді. Ішкі істер органдарында 15 жылға жуық қызмет еткен ол қызмет жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастап, бірнеше жауапты қызметтерде абыройлы қызмет еткен. Антына беріктігі, өз ісіне деген жауапкершілігі басшылық тарапынан ескеріліп, бірнеше мәрте ҚР Ішкі істер министрліг…

0
0
1037

Қызылорда қаласы аумағындағы білім беру орындары алдындағы жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде

2017-2018 жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, облыс орталығының біршама білім беру ұйымдарының алдына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды. Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 58 мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер алдында 139 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 33 жерге жасанды тегіс еместік құрылғыларын орналастыру керектігі, 25 дана жол белгілері мен 17 жердегі жасанды тегі…

0
0
494

Қызылордада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Конституция күні қарсаңында тамыз айының 23-25 күндері аралығында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Шараға Жергілікті полиция қызметінің мен департаменттің тиісті қызмет салалары қызметкерлері, Ұлттық ұланның сарбаздары жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек. Осы күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып,…

0
0
428

Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал қорғалған 4 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда. Жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 4 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 1 су шаруашылығы мекемесі басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 2 миллионға жуық айыппұл салынды. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық…

0
0
452

Қызылордалық полицейлер балалар тасымалымен айналасатын автокөліктерге қойылатын талаптар мәселесін сөз етті

Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Оқушылар үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың, Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаевтың, Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Мөлдір Тәуіпбаеваның, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстан қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Н.Мишукованың және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балабақша меңгерушілерінің қатысуымен кездесу жиыны өткізілді. Жиын барысында балалар тасымалымен айналысатын автокөліктердің қатысумен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, бала травматизмін болдырмау мәселесі көтерілді. Мәселен, жыл басынан бері облыс к…

0
0
390

Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иегері болып танылды

2017 жылдың 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тың Колифорния штатының Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік полицейлер және өртсөндірушілер арасында әлем біріншілігі өтуде. Аталған спорттық шараға әлемнің 67 елінен құқық қорғау органдарының 8 мыңнан астам қызметкерлері қатысып, бақтарын сынауда. Бұл жарысқа Қазақстанның намысын қорғау үшін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы полиция аға лейтенанты Абдуллаев Ержан Серікбайұлы қатысып, жарыстың бірінші күні-ақ еліміздің қоржынына дзюдо спорты бойынша қола жүлде салды. Жарыс кезінде 81 келі салмақ дәрежесіндегі атлеттермен белдесіп, артқа тастаған Ержан финалда ресейлік және бельгиялық қарсыластарына ғана жол беріп, ІІІ орын иегері атанды. Полиция аға лейтенанты Ержан елімізде өткізілген бірне…

0
0
431

Қызылордада «жарылғыш зат» қойылғаны жайлы жалған хабар берген азамат ұсталды

2017 жылдың 07 тамызында түнгі сағат 03.20 шамасында Қызылорда ҚІІБ Жедел басқару орталығының «102» арнасына белгісіз бір азамат хабарласып, Панфилов көшесі бойындағы тұрғын үйді 2 дана газ баллонының және 7 дана гранатаның көмегімен жарып жіберетіндігін айтқан. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құралдары жұмылдырылып, толық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат немесе күдік тудырарлық құралдар анықталған жоқ. Жедел іздестіру шаралары барысында «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған 37 жастағы азамат анықталып, Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуд…

0
0
339

Қызылордада сора өсірумен айналысқан 3 азамат ұсталды.

Республика аумағында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер Ұлттық Ұланның және Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен бірігіп Кармақшы ауданы, Қуаңдария ауылдық округінен 8 км. қашықтықта есірткі заты өсіп тұрған алқапты анықтады. Ағымдағы жылдың 01 тамызында өсіруге заңмен тыйым салынған 2305 түп сора өсімдігін күтіп-баптап жатырған жерінен 37 жастағы, 34 жастағы және 33 жастағы үш қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, аталған өсімдіктің жалпы салмағы 461 кг.-ды құрайтындығы белгілі болды. Сонымен қатар, аталған аумақтан ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар мен өзіне тән иісі бар жасыл түсті заттек салынған 2 қап анықталды. Анықталған шөптектес затқа сараптама тағайындалы…

0
0
373

Қызылордада акция аясында тұрғындардан 307 дана атыс қаруы өтемді түрде қабылданды

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтемді түрде сатып алу акциясы жүргізіліп жатқаны белгілі. Аталған акция қағидаларына сәйкес, атыс қаруын ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 15 миллион теңге бөлінді. Өткізіліп жатқан іс-шара барысында азаматтардан өз еріктерімен заңсыз қаруларды өткізу жайлы 160 арыз тіркеліп, 307 дана атыс қаруы, оның ішінде 22 дана иір ойықты болса, 285 данасы тегіс ұңғылы атыс қарулары қабылданды. Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшіл…

0
0
391