Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Конституция күні қарсаңында тамыз айының 23-25 күндері аралығында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Шараға Жергілікті полиция қызметінің мен департаменттің тиісті қызмет салалары қызметкерлері, Ұлттық ұланның сарбаздары жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек. 
Осы күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
429

Осы тақырып бойынша

Қызылордада қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады - Yvision.kz