Қызылорда облысында кең көлемде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек
Ағымдағы жылдың 01-10 сәуір аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру болып табылады. Аталған кешінді шараға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған оры…