Қызылорда облысында кең көлемде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек

Ағымдағы жылдың 01-10 сәуір аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру болып табылады.
Аталған кешінді шараға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, облысымыздағы жасөспірімдер мен жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, оларға құқықтық тәрбие беру мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері және басқа да мүдделі органдары өкілдерімен біріге отырып жалпы білім беретін оқу орындарында дәрістер, дөңгелек үстелдер, ашық пікір алысулар ұйымдастырылмақ.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
