«Қауіпсіз жол» шарасының бірінші күнінде 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген
Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғалараның артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын. Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері, әкімшілік полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды. Жүргізілген рейдтік жұмыстардың бірінші күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 9-ы – көлік құралын мас күйінде ба…