Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылордалық полицейлер нашақорлық қасіретін театр сахнасы арқылы көрерменге жеткізді

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті мен Облыстық мәдениет басқармасының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Қандыөзек» спектаклі көрермен назарына жол тартты. Спектакльдегі оқиға нашақор болып кеткен боз баланың өмірі төңірегінде өрбіп, нашақорлық жолына түсіп кеткен жанның трагедиялық өмірі мен өлімін суреттейді. Әртістер нашақорлық қасіреті бір отбасы бақытын жалмап кеткендігін, өрмекшінің өрмегіне түсіп алған нашақорлардың тағдыры, келеңсіз өмірдің ащы шындығын көрерменге шебер жеткізе білді. Те…

0
0
410

Электрошок қаруын сақтау және ұстап жүру тәртібіне өзгерістер енгізілді

Интернет желісінің жарнамасын талдау Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының, оның ішінде резидент еместердің де пішіні фонарларға, өртегіштерге, ұялы телефондарға және т.б. заттарға ұқсайтын электршок қаруды еркін сатуы (өткізуі) бөлігінде «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандықтарын көрсетіп отыр. Заңға сәйкес, электршок қаруы азаматтық және қызметтік қару санатына жатады және тек қана ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркей отырып, қару сататын мамандандырылған дүкендер арқылы сатылуы және сатып алынуы тиіс. Қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) және олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықарал…

0
0
351

Қызылордада жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 18444 құқық бұзушылық анықталған

Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан. Жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2015 жылдың 5 айында облыс орталығында орналасқан бейнека…

0
0
318

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Қызылорда  ОІІД  Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен облыстық балалар психо-неврологиялық орталығында «Есірткісіз  болашақ!»  ұранымен  акция  ұйымдастырылды.

Кездесу  барысында тәрбиеленушілер  қолдан жасалған бұйымдарын,  суреттерін көрсетіп, спорттық икемдері мен өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында Қызылорда ОІІД тарапынан тәрбиеленушілерге  салауатты, саламатты өмір салтын берік ұстануға мүмкіндік беретін үстел  үстіндегі  ойындар  (футбол,  хоккей),  бадминтон,  обручтер,  «қақпа»  ойыны  және  баскетбол  шеңберлері сынды сыйлықтар ұсынылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
286

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Қазіргі таңда барлық білім беру орындарында өткізілетін «Соңғы қоңырау» салтанатынан кейін мектеп бітіруші түлектердің автошеру ұйымдастырып, автокөлік жарыстыруы дәстүрге айналып барады. Бұл тек жолдағы кедергілерге ғана емес, жол қозғалысына қатысушы басқа да тұлғалардың қауіпсіздігіне кері ықпал етіп, апаттылық жағдайдың жоғарылуына себеп болып отыр. Осыған орай, ағымдағы жылдың 22 мамырында Қызылорда қаласындағы №101 орта мектептің мәжіліс залында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ж.Базартайдың, Облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы М.Шермағамбетовтің, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Р.Чагайдың төрағалығымен және қалалық ішкі саясат бөлімі мама…

0
0
1557

Қызылордада «Заңсыз келуші – 2015» шарасының 3 күнінде 1000-нан аса азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-нің күші мен құралдары жұмылдырылып, шараның 3 күнінде Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған 1067 (1062 – жақын шетел, 5 – алыс шетел) азамат анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктің уақытылы тіркелуін қадағаламай, заңсыз тұрғынжай бергені үшін Қазақстан Республикасының 76 азаматына қатысты хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдіктің ж…

0
0
366

Қызылордада 1000-нан аса оқушылар мен студенттер спорттық жарыс түрлерінен бақ сынасты

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында орта мектеп оқушылары мен студенттер арасында спорттық- эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылды. Сайыскерлер өздерінің жүгірудегі, кедергілерден өтудегі, секіргішті қолдану мен футбол, баскетбол, теннис спорт түрлерінің негіздерін игергендіктерін көрсете білді. Аталмыш жарыстарға облыс көлемінде 30 білім беру орнынан 1000-нан астам оқушы,…

0
0
343

Қызылордада «Заңсыз келуші – 2015» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 279 заң бұзушылық дерегі анықталды

Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-нің күші мен құралдары жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде 279 заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 274 азаматқа, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін – 4, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 1,3-бөлігі бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында көрсетілген мерзімде ішкі істер о…

0
0
410

Қызылордада жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен 26 қылмыстың беті ашылған

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2015 жылдың 4 ай көлемінде кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды. Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 36 қызметтік-іздестіру иттері бар. 2015 жылдың 4 ай көлемінде қызметтік-іздестіру иттерді пайдалана отырып, 26 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау қылмысы бойынша – 21 дерек, тонау, қарақшылық, кісі өлімі фактісі бойынша – бір-бір деректен анықталған. Заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 19 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 1917,92 гр. марихуана есірткі заты алынған. С…

0
0
458

Шиелілік полицейлер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ағымдағы жылдың 05 мамырында Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қызметтік міндетін өтеу барысында қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің туған-туыстары, департамент басшылығы мен жеке құрам қатыстырылды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысына қатысып, ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған Қосаев Тұрғанбек, Тілеуімбетов Садуақас, Ділімбетов Нәлібай, Әбуов Жүніс, Сәрсенбаев Әбдеш сынды аталарымызды, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп, қызметтік міндетін өтеу барысында қаза тапқан Есен Тұрсын, Сәбит Мұратов, Талғат Нысананбетов, Талғат Қозыбаев, Бақыткелді Ибраймов сынды қы…

0
0
574