Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Қызылорда  ОІІД  Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен облыстық балалар психо-неврологиялық орталығында «Есірткісіз  болашақ!»  ұранымен  акция  ұйымдастырылды.

Кездесу  барысында тәрбиеленушілер  қолдан жасалған бұйымдарын,  суреттерін көрсетіп, спорттық икемдері мен өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында Қызылорда ОІІД тарапынан тәрбиеленушілерге  салауатты, саламатты өмір салтын берік ұстануға мүмкіндік беретін үстел  үстіндегі  ойындар  (футбол,  хоккей),  бадминтон,  обручтер,  «қақпа»  ойыны  және  баскетбол  шеңберлері сынды сыйлықтар ұсынылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
287

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды - Yvision.kz