"КӨБЕЛЕКТЕР " циркі

«Адам баласын бақытты ету үшін аспандағы айды ерттеп мініп,жұлдыздарды жетектеп келу шарт емес.Нысап пен нәпсі бар.Нысап-тойым,нәпсі-тойымсыз».Міне, Шер ағаның «Ай мен Айшасын» оқығалы осы сөздерді ойымнан тастаған емеспін.Ия,расында да адамзат баласының «қанағатсыздық» деген қас жауы бар емес пе?Жалпы мен қоғам жайында көп ойланам.Әсіресе,адамзат баласының ішкі дүниесі мен рухани байлығы менің назарымнан ешқашанда тыс қалмаған.Мәселен,жақында ғана ғаламторда Джошуа Вайгель атты режиссердің қысқа метражды «көбелектер» циркі атты кинотуындысына тап болдым.
Ең әуелі алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес еді.Фильм Уилл атты мүгедекті сомдаған 1982 жылы Австралияның Брисбен қаласында дүниеге келген Ник Вуйчич туралы.Мүмкін сізде оның есімін естіген шығарсыз?Ник аяқ-қолсыз дүниеге келген жарымжан екендігіне қарамастан өн бойынан өмірге деген құштарлық таба білген адам. Өзінің емес өзгенің өмірін сүруді армандаған Ник тағдырының тауқыметін талай шекті.Тіпті кейде жас баланың өз-өзіне қол жұмсамақшы болғаны да бар.Дегенмен өмірге деген құштарлық пен ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты нағыз рухани құндылық емес пе ?Осыны ұққан бала өмірге деген жаңа көзқарас орнатып,ол үшін өн бойындағы кертартпа күшпен күресе білді.Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленіп, 21 жасында университетті тәмәмдаған.Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен 24 мемлекетін аралап,жарымжан жандар үшін қандай жағдайда да өмір сүру керек екендігі жайында баяндамалар оқыған.Ендігісі,фильм жайында айтпақ ойым.Кинотуынды мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар жайында.Режиссер осы жандарды негізге ала отырып,барша адамзат баласына тән үміттің өшуі мен қайта жандануын,жамандыққа іліккен жандардың бойын жиып аларлық жүректе қайраттың жетіспейтіндігін,өмірге деген құштарлық пен алға қойған мақсаттар мен армандардың орындалуын айқын көрсетті.Бар-жоғы 22 минутқа созылған фильмде режиссер көрермен үшін түйіп аларлық негізгі ойды жеткізе білді.Мәселен:азапта ,ауырлықта жаңарғысы,жаңартқысы келетін жандарға түседі.Дегенмен,біз ешқашанда берілмеу керекпіз.Яғни өзімізге және өз күшімізге деген сенімді бір мезетке де жоғалтпау керекпіз.УСЕНБАЙ АЙДАНА
