Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін ОЖБ әзірлеу кезінде МӘС мамандары "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын (бұдан әрі-стандарт) басшылыққа алады.Күндізгі болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар болып танылады.Жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қажет болған жағдайда оңалту орталықтарында (қызмет алушы басқа елді мекенде тұрған жағдайда немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер үшін жергілікті атқар…


