Ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну мәселесі
"Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрыққа сәйкес (03.03.2021 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен) есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады. Ымдау тілі маманы-еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызметтер көрсетумен байланысты әлеуметтік қызметтер көрсететін маман: мүгедектің конференцияларға, пікірталастарға және өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуы кезінде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма көрсету; есту бойынша мүгедектің еститін адамдармен оқумен, жұмысқа орналастырумен, өз құқықтары мен мүдделерін қорғаумен және іске асырумен, мемлекеттік органдар мен консультациялық ұйымдардан ақпарат алумен, қажетті құжаттарды ресімдеумен байланысты мәселелерді шешу үшін қарым-қатынас жасау. Ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, медициналық ұйымның қорытындысы негізінде әзірленген өтініштің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде жүзеге асырады. Мүгедектерді есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету-жылына алпыс сағат. Ымдау тілі дағдыларын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтер көрсетуіне медициналық көрсетілімдер: 1) саңырау мылқау; 2) естуді протездеуге жатпайтын абсолюттік кереңдік; 3) естуді протездеуге жатпайтын 4 дәрежедегі құлақ мүкістігі; 4) мотор афазиясы; 5) көмейдің болмауы. Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін мынадай аурулар ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады: 1) бактерия бөлетін туберкулез (БК+); 2) тері мен шаштың жұқпалы аурулары; 3) жыныстық жолмен берілетін аурулар; 4) невроздарды, невроз тәрізді жай-күйлерді, дебильділіктің жеңіл дәрежесін, сирек ұстамалары бар (2-3 айда бір реттен артық емес), ақыл-есі кем және жеке басының айқын өзгерістерінсіз әртүрлі этиологиядағы құрысу синдромдарын қоспағанда, психикалық бұзылулар жатады. Ымдау тілі маманының қызметін ұсынуға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу (түзету) үшін мынадай құжаттар қажет: 1) ымдау тілі маманына ұсыныммен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу (031/у нысаны) (мүгедектің тіркелген жері бойынша медициналық ұйым толтырады); 2) салыстырып тексеру үшін куәландырылатын адамның жеке куәлігі.
***
В соответствии с Приказом от 22 января 2015 года № 26 « О некоторых вопросах реабилитации инвалидов»(с изменениями и дополнениями от 03.03.2021 г) для инвалидов по слуху предоставляются услуги специалиста жестового языка Специалист жестового языка- специалист,оказывающий социальные услуги,связанные с предоставлением посреднических услуг между слышащими и неслышащими людьми:оказание профессионального перевода с жестового и на жестовый язык во время участия инвалида в конференциях,дискуссиях и прочих общественных мероприятиях;при общении инвалида по слуху со слышащими людьми для решения вопросов,связанных с обучением,трудоустройством,защитой и реализацией своих прав и интересов,получением информации в государственных органах и консультационных организациях,оформлением необходимых документов. Предоставление услуг специалиста жестового языка осуществляется местными исполнительными органами на основании заявления и индивидуальной программы реабилитации инвалида,разработанной на основании заключения медицинской организации, с учётом медицинских показаний и противопоказаний. Обеспечение инвалидов услугами специалиста жестового языка для инвалидов по слуху-шестьдесят часов в год. Медицинскими показаниями к предоставлению социальных услуг специалиста жестового языка инвалиду, владеющему навыками жестового языка являются: 1)глухонемота; 2)абсолютная глухота,не подлежащая слухопротезированию; 3)тугоухость 4 степени,не подлежащая слухопротезированию; 4)моторная афазия; 5)отсутствие гортани. Медицинскими противопоказаниями к предоставлению социальных услуг специалиста жестового языка являются следующие заболевания,требующие лечения в специализированных медицинских организациях: 1)туберкулёз с бактериовыделением (БК+); 2)инфекционные заболевания кожи и волос; 3)венерические болезни; 4)психические расстройства,за исключением неврозов,неврозоподобных состояний,лёгкой степени дебильности,судорожных синдромов различной этиологии с редкими ( не более одного раза в 2-3 месяца) припадками,без слабоумия и выраженных изменений личности. Для разработки (коррекции) социальной части ИПР на предоставление услуги специалиста жестового языка необходимы следующие документы: 1) направление на медико-социальную экспертизу (форма 031/у) с рекомендацией на специалиста жестового языка (заполняет медицинская организация по месту прикрепления инвалида), 2) удостоверение личности освидетельствуемого лица для сверки.
