Жыл сайын, 26 сәуірде, Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы апат құрбандарын еске ...
Жыл сайын, 26 сәуірде, Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы апат құрбандарын еске алудың халықаралық күні атап өтіледі. 2021 жылы Қазақстанда Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 млн теңгеге біржолғы төлем алады. Апат салдарын жоюға 32 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Бұл адамдар ардагер ретінде танылды және әртүрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 055 Чернобыль ардагеріне 5 АЕК-тен (14 585 теңге) 70 АЕК-ке дейін (204 190 теңге) 540,7 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Әлеуметтік көмектің мөлшері қазына мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша әрбір өңірде жеке белгіленеді. Мәселен, келесі өңірлерде, Чернобыль ардагерлері біржолғы көмек алады: – 2021 жылдың 26 сәуіріне қарай - Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар (ішінара), Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында; – 2021 жылғы 9 мамырға - Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар облыстарында және Алматы қаласында. Қостанай облысында Чернобыль ардагерлеріне (74 адам) ай сайын 3 АЕК (2021 жылы - 8751теңге) мөлшерінде көмек көрсетіледі. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/192677...
***
Ежегодно 26 апреля отмечается Международный день памяти жертв аварии на Чернобыльской атомной электростанции, произошедшей в 1986 году. В 2021 году в Казахстане ветераны Чернобыля получат единовременные выплаты на общую сумму 540,7 млн тенге. В ликвидации последствий катастрофы принимали участие около 32 тыс. казахстанцев. Эти лица признаны ветеранами и обеспечиваются различными мерами соцподдержки. В 2021 году за счет средств местных бюджетов предусмотрено оказание социальной помощи 6 055 ветеранам Чернобыля на сумму 540,7 млн тенге в размере от 5 МРП (14 585 тенге) до 70 МРП (204 190 тенге). Размеры соцпомощи устанавливаются в каждом регионе индивидуально в зависимости от возможностей бюджета по решению местных представительных органов (маслихатов). Так, в регионах ветераны Чернобыля получат единовременную помощь: - к 26 апреля 2021 года – в Акмолинской, Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанкой, Жамбылской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Павлодарской (частично), Северо-Казахстанской, Туркестанской областях и гг. Шымкент и Нур-Султан; - к 9 мая 2021 года – в Актюбинской, Мангистауской и Павлодарской областях и г. Алматы. В Костанайской области ветеранам Чернобыля (74 чел.) предоставляют ежемесячную помощь в размере 3 МРП (в 2021 г. –8751) тенге. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/192677...
