Мазмұнға өту
deptruda-sockst

deptruda-sockst

Сайтта 2017 ж. 28 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

1 914

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылу

1

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалында азаматтарды қабылдау

1

2017 жылы 15 ақпанда сағат 16.00-де Қостанай қаласы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалында Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбековтің қатысуымен азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті.

Азаматтарды қабылдау барысында барлық мүдделі сұрақтарға құзыретті жауаптар берді.
0
0
449

Прием граждан в Костанайском областном филиале Общественного объединения Партии «Нұр Отан»

1

15 февраля 2017 года  в 16.00 часов в г.Костанай областном филиале общественного объединения Партии «Нұр Отан» состоялся общественный прием граждан с участием акима Костанайской области Мухамбетова Архимеда Бегежановича и руководителя департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области Муратбекова Мурата Тлемисовича.

В ходе приема граждан были даны компетентные ответы по всем интересующим вопросам.

0
0
207

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

1

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында ҚР зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер жөнінде 2017 жылдың ақпан айында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А.Әбдықадырова №7, №14 және №20 «Орта мектебі» ММ-нің еңбек ұжымдарына 3 кездесу өткізді. Кездесуге 128 қызметкер қатысты.

Кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.
0
0
327

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін түсіндіру

1

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Р.Дощанова «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ұжымымен кездесті. Кездесуде «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін, атап айтқанда мүгедектердің  әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Заңның 25 бабы  түсіндірілді.

Кездесу барысында айтылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

0
0
2250

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша мониторинг

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының шеңберінде мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектердің мұқтаждықтарына нысандарды бейімдеу бойынша сапалы іс-шаралардың жүргізілуіне жұмыс жалғасуда. Мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған аумақтық жоспарға сәйкес 1166 объектілер бейімдеуге жатады. 2016 жылға Қостанай облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқ…

0
0
905

Облыс активі

2017 жылы 01 ақпанда департамент басшысы М.Т.Мұратбеков Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі облыс активіне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда жаңа тарихи кезеңді айқындады және жаңа саяси бағытты анықтады. Жолдауда ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Ең алдымен бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Мемлекет басшысымен белгіленген Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдықтары, әрине, 30 озық елдің қатарына қарай Қазақстанның табысты ілгерлеуін қамтамасыз ететін, экономикалық өсудің жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Ең бастысы - Жолдау бізге алдағы кезеңде жұмыс үшін нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясын одан әрі нәтижелі жүзеге асы…

0
0
319

Құқықтық білім беру мектебі

1

2017 жылы 30 қаңтарда департамент басшысы М.Т.Мұратбековпен  бекітілген 2017 жылға арналған құқықтық білім беру мектебінің жоспарына сәйкес,«2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» тақырыбында департаменттің қызметкерлері үшін  жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті. Департаменттің бас маманы, заң кеңесшісі А.М.Смағұлов 5 Президенттік реформаларды айтты:

  1. Қазіргі заманғы мемлекеттік аппарат құру;
  2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
  3. Индустрияландыру және экономикалық өсім;
  4. Біртектілік пен бірлік;
  5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Сөз сөйлегеннен кейін департаменттің қызметкерлерімен қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

0
0
630

Мемлекеттік қызметшілердіалдағы аттестаттау бойынша ақпарат

1

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру кезеңдерінің бірі іс басындағы мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізуді қарастырады. Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кадрлармен жұмыстың ықпалды шарасы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес аттестаттауды өту кезеңдері туралыбейнероликтерді көруді ұсынамыз. Бейнероликтерді Сіз мына сілтеме бойынша көре аласыздар:
1. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешендіаттестациялау»: https://www.youtube.com/watch?v=3ugwCxwxxxk
2. «Аттестаттау кезеңдері туралы»: https://www.youtube.com/watch?v=d7DLeU87txc
0
0
350

Ақпараттық — түсіндіру жұмысы

1

ҚР зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2017 жылы қаңтар айында әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары А.Қ.Сатаева, зейнетақымен қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары А.А.Әбдықадырова, А.Ж.Рахимова «Теплосеть-Холдинг» ЖШС-нің, «Аруана 2010» ЖШС-нің, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС-нің, «КазТрансГазАймак» АҚ-ның, қалалық балалар шығармашылық мектебінің және Қостанай станциясының еңбек ұжымдарына 6 кездесу өткізді. Кездесулерге 208 қызметкер қатысты. Кездесу барысында айтылған мүдделі сұрақтарға толық жауаптар берді.

0
0
411

Мемлекеттік қызметшілердің жылсайынғы декларациясын тапсыру үшін нысандарды дұрыс толтыру жөніндегі семинар

2017 жылы 20 қаңтарда персоналды басқару жөніндегі бас маман Ә.М.Қарымсақова Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасымен өткізілген «2016 жылға мемлекеттік қызметшілермен, оларға теңестірілген адамдармен, сонымен қатар келеңсiз себептерменжұмыстан босатылған тұлғалармен, сонымен қатар олардың жұбайларымен ұсынылатынЖТС бойынша декларацияларды ұсыну тәртібін түсіндіру мәселесі» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар барысында мүлікжәнежеке табыс салығы бойынша Декларацияларды ұсыну тәртібі мен толтыру ережелерін түсіндірді. Мамандар салық есептілігін ұсыну үшін «Салық төлеушінің кабинеті», СЕӨЖ ақпараттық жүйесін пайдалану жәнекриптографиялық кілттермен алу, ауыстыру және пайдалану ережелеріне назар аударды. Семинар сұрақ жауап режимінде өтті, барлық мүдделі сұрақтарға мамандар то…

0
0
377