ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құқықтық білім беру мектебі

1

2017 жылы 30 қаңтарда департамент басшысы М.Т.Мұратбековпен  бекітілген 2017 жылға арналған құқықтық білім беру мектебінің жоспарына сәйкес,«2015 жылғы 20 мамырдағы Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» тақырыбында департаменттің қызметкерлері үшін  жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті. Департаменттің бас маманы, заң кеңесшісі А.М.Смағұлов 5 Президенттік реформаларды айтты:

  1. Қазіргі заманғы мемлекеттік аппарат құру;
  2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
  3. Индустрияландыру және экономикалық өсім;
  4. Біртектілік пен бірлік;
  5. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Сөз сөйлегеннен кейін департаменттің қызметкерлерімен қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.