ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыс активі

1

2017 жылы 01 ақпанда департамент басшысы М.Т.Мұратбеков Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі облыс активіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда жаңа тарихи кезеңді айқындады және жаңа саяси бағытты анықтады. Жолдауда ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Ең алдымен бұл халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Мемлекет басшысымен белгіленген Қазақстанның үшінші  жаңғыруының бес негізгі басымдықтары, әрине, 30 озық елдің қатарына қарай Қазақстанның табысты ілгерлеуін қамтамасыз ететін, экономикалық өсудің жаңа моделін құруға мүмкіндік береді.

Ең бастысы - Жолдау бізге алдағы кезеңде жұмыс үшін нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясын одан әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие. Бүгінгі таңда Жолдауды зерделеу және іске асыру барлығымыз бен әрқайсымыздың міндетіміз болуға тиісті.