ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша мониторинг

1

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру және Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасының шеңберінде мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектердің мұқтаждықтарына нысандарды бейімдеу бойынша сапалы іс-шаралардың жүргізілуіне жұмыс жалғасуда.

Мүгедектердің мұқтаждықтарына әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі 2014-2017 жылдарға арналған аумақтық жоспарға сәйкес 1166 объектілер бейімдеуге жатады. 2016 жылға Қостанай облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша Қостанай облысы бойынша 206 объектілер бейімделді.
Осы мақсатта 2016 жылға бейімдеуге жататын Рудный қаласының және Алтынсарин ауданының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізілді. Мониторинг жүргізу барысында қайталанатын бұзушылықтар  анықталды: мүгедектер үшін тұрақ орны жоқ, кіреберіс топтың баспалдағында тұтқалар жоқ, санитарлық - тұрмыстық үй-жайлар бейімделмеген, кабинеттердің атауы Брайль қаріппен қайталанбаған.
Мониторинг қорытындысы бойынша объектілерге бейімдеу жүргізу кезінде құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес мүгедектердің барлық санаттары үшін кешенді бейімдеу іс-шараларын қарастыру ұсынылды.