Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сапарбаев шалғайдағы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамту ретін түсіндірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында еліміздің шалғай аудандарында тұратын қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру шаралары туралы айтып берді.

«Президент Қ. Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау жөніндегі тапсырмасы бар. Мәселен, шалғайдағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мобильді жұмыспен қамту орталықтары құрылатын болады. Бұл мақсатқа 381 млн. теңге бөлу жоспарлануда», - деді министр.

Оның айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы аясында жастарды, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды, мүгедектігі бар азаматтарды оқытуға, жұмысқа орналастыруға және қолдауға ерекше назар аударылады.

Жастар жылы аясында жастардың жұмыспен қамтылуын қолдауға бағытталған «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобаларын іске асыру басталды. Үш жыл ішінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 200 мың жас маман даярлау жоспарлануда.

«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша 10 мың адамды жібереміз, бұл 25 мың жас буын өкілдерін жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, оқыту бойынша шаралар күшейтілді. Биыл қысқа мерзімді курстарында 100 мың, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 75 мың адам оқытылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қосымша 28,3 мың адамды тегін гранттармен, 5 мың адамды жеңілдетілген микрокредиттермен қамту жоспарлануда. Осылайша, 57 мыңнан астам қазақстандық өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл ретте қосымша қаражаттың 70% ауылдық жерлерге жіберіледі.

«Тұрақты жұмыс орындарына орналастыру Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Бұл жұмыс «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жалғасын табады», - деп қортындылады Сапарбаев.

Министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев на пресс-конференции в СЦК рассказал о мерах содействия занятости казахстанцев, проживающих в отдаленных районах страны.

«Есть поручение Президента К.Токаева по реформированию работы центров занятости населения. Так, в целях обеспечения занятости жителей отдаленных сел будут созданы мобильные центры занятости. На эти цели планируется выделить 381 млн. тенге», - сообщил министр.

По его словам, особый акцент в рамках программы «Еңбек» будет сделать на обучении, трудоустройстве и поддержке молодежи многодетных, малообеспеченных семей, лиц с инвалидностью.

Так, в рамках Года молодежи начата реализация проектов «Жас маман» и «Жас кәсіпкер», направленных на обеспечение молодежной занятости. За три года планируется подготовить 200 тысяч молодых специалистов по наиболее востребованным профессиям.

«Расширен план охвата молодежной практикой. В 2019 году мы дополнительно направим еще 10 тыс. человек, что позволит охватить занятостью 25 тысяч молодых людей», - добавил министр.

Также усилены меры по обучению. Краткосрочными курсами в этом году будет охвачено 100 тыс. казахстанцев, основам предпринимательства «Бастау Бизнес» будут обучены 75 тыс. человек.

Кроме того, в текущем году дополнительно планируется охватить безвозмездными грантами 28,3 тыс. человек, льготными микрокредитами – 5 тыс. человек. Таким образом, более 57 тыс. казахстанцев получат возможность открыть либо расширить собственное дело. При этом 70% дополнительных средств будет направлено в сельскую местность.

«Главным фокусом Программы остается трудоустройство на постоянные рабочие места. Эта работа будет продолжена совместно с НПП «Атмамекен», - заключил министр.

0
0
225

Осы тақырып бойынша

Сапарбаев шалғайдағы ауыл тұрғындарының жұмыспен қамту ретін түсіндірді - Yvision.kz