Бердібек Сапарбаев Қазақстанда кадрлық қажеттіліктер қалай болжанатындығын айтты
Қазақстанда еңбек нарығын жаңғырту және жаңа сынақтарға дайындау жүргізілуде. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндады.
Мәселен, ағымдағы жылдан бастап кадрларға қажеттілікті болжаудың үш деңгейлі ұлттық жүйесі енгізілді: қысқа мерзімді кезең (1 жыл), орта мерзімді кезең (5 жыл), ұзақ мерзімді кезең (2050 жыл).
«Ол бізге бүгінгі күні немесе 5-10 жылдан кейін қандай мамандар және қанша мөлшерде қажет екенін аңғаруға, сондай-ақ еңбек ресурстары ағынының бағыттары мен шарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Ол нәтижелер орта және жоғары білімі бар мамандарды даярлау, қысқа мерзімді даярлау және қайта даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады» - деп министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өтті.
Мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтары және 2025 жылға дейін кадр қажеттілігін болжау негізінде сұранысқа ие сервистік және индустриялық 100 кәсіптің тізбесі әзірленді. Тізбе Елбасының "Жас маман" бағдарламасын дайындау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жасалды. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 мамандық пен техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енді.
Мәселен, 2021 жылға дейін 200 жаңғыртылған оқу орнының базасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 200 мың маман даярланатын болады.
Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру жалғасуда.
«Қазіргі уақытта 106 кәсіби стандарт әзірленді, онда қызметкерлердің біліміне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын жұмыс берушілердің талаптары көрсетілген. Ағымдағы жылы 12 басым сала бойынша 480 кәсіби стандарт пен 38 салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қабылдау жоспарлануда. Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады», - деді Б.Сапарбаев
В Казахстане ведется модернизация и подготовка рынка труда к новым вызовам. О том, что какая работа проводится в этом направлении рассказал министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев.
Так, с текущего года внедряется трехуровневая национальная система прогнозирования потребности в кадрах: краткосрочный период (1 год), среднесрочный период (5 лет), долгосрочный период (2050 год).
«Она позволит нам понять, какие специалисты и в каком количестве нам нужны сегодня или через 5-10 лет, а также определить направления и условия перетоков трудовых ресурсов. Результаты будут использованы при формировании государственного образовательного заказа для подготовки специалистов со средним и высшим образованием, краткосрочной подготовки и переподготовки», - отметил министр в ходе пресс-конференции в СЦК.
На основе приоритетов государственных программ и прогноза кадровой потребности до 2025 года разработан перечень 100 востребованных сервисных и индустриальных профессий. Перечень составлен в рамках исполнения поручения Елбасы по разработке программы "Жас маман". В него вошли 35 востребованных профессий, где требуется высшее образование и 65, где требуется техническое и профессиональное образование.
Так, до 2021 года на базе 200 модернизированных учебных заведений будут подготовлены 200 тыс. специалистов по наиболее востребованным профессиям.
Продолжается формирование Национальной системы квалификаций.
«В настоящее время разработано 106 профстандартов, в которых отражены требования работодателей к знаниям, навыкам и компетенциям работников. В текущем году планируется разработать и принять 480 профстандартов и 38 отраслевых рамок квалификаций по 12 приоритетным отраслям. На основе профстандартов будут обновлены образовательные программы», - почеркнул Б.Сапарбаев.
