Мазмұнға өту
dake_kz

Дарын Шенгелбай

@dake_kz

Сайтта 2011 ж. 26 ақпанКазахстан, Астана

простой. гордый. и уверенный

рейтинг

100

жазбалар

11

пікірлер

9

тіркелуші

11

жазылымдар

13

махаббат қызық мол жылдар

Махаббат сегіз әріп бір арман! Ой шіркін махаббат деген сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Менім ойымша адам баласы өз өмірінде шың махаббатты бір ақ рет кездестіреді. Адамдардың ақымақтығынан шың ғашықтар бір-бірін жоғалтып жатады. Сүйікті адамның махаббатына бөлену қандай ғажап сезім. Құрметті ғашық адамдар өз сүйіктілерінді құрметтеп,көздерінің қарашығындай көріндер. Себебі толқыған сезім екінші рет қайтып келмейді.

0
4
1012

Алишер Елікбай

Бүгінгі күн қызық өтті. Себебі бұл күнді ерекше қылған- Алишер Елікбай. Біздің бүгінгі супер лекцияға осы адам келіп біздің жүрегімізді жаулап алды. Әрине көптеген қызықты оқиғалар айтып,ақыл үйретіп кетті. Алишер Елікбайға қарап пиар маманының түп нұсқасын көрдім. Ең бастысы бұл адамға ақша емес шыңдық пен ақиқатты қалайды екен. Алишер, уақытыңызды бөліп келгеңізге рахмет.

0
5
771

"Open Hearts" проектісі

Жалпы бұл проект балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген балаларға арнадық. Себебі Қазақстандағы балалар үйі мәселесі қай қазақты мазаламайды?

Біздің мақсатымыз балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген балаларға сауатын ашып, шет тілін үйрету. Біз бұл проектіге өз үлесімізді пиар мамандары ретінде үлес қостық. Соның нәтижесінде Бегалиева Айгерім апайдың бастауымен PR-конференцияда жеңіске жетіп, бас жүлдені жеңіп алдық. Болашақта тек қана шет тілін ғана емес,белсенді студенттердің арқасында спорт,музыка,физика,математика т.б сабақтарды жүргізуге ат салысамыз.

0
0
422

АҚШ адам саудасына қатысты Қазақстанды сынады

АҚШ мемлекеттік департаменті адам саудасы туралы дәстүрлі баяндамасын жариялады. Онда әлемдегі ерлер мен әйелдердің және балалардың еңбегін қанап, тәнін саудалау ісіне қатысы бар елдердің бірі ретінде Қазақстанға да сын айтылған. Әлемнің 175 еліндегі адам саудасының ахуалы сипатталған осы баяндамада Қазақстанның мәжбүрлі түрде жұмыс күшіне айналғандар мен жезөкшелікке жегілген адамдарды әкелетін, тасымалдайтын және аралық көпір қызметін атқаратын елге айналып отырғаны жазылған. Қазақстандық әйелдер мен балалар Қазақстанның ішінде де саудаға салынатыны, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресей, Қытай, Түркия, Әзірбайжан, Грекия және Израильге жөнелтетіні айтылған. Сол секілді Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина әйелдері мен жас қыздары…

0
3
645

Қзақстандағы пиар деңгейі

Қзақстандағы пиар деңгейі қазір қарқынды дамып келеді. Бірақ Қазақ халқы пиар саласын дұрыс дәрежеде түсінбейді. Пиар десе елдін ойына түсетін бірінші ой ол:алдау-арбау, адамның ойына күшпен ақпарат еңгізу деп ойлайды. Сонымен қазіргі пиар деңгейі қандай? Мемлекетіміздің саясатына да кәсіпкерлігіне де пиар баса көктеп келе жатыр. Соған байланыс бізді жаңа экономиканың өркендеуіне,мемелекеттік саясаттың өрлеуіне үлкен улес қосады деген умітпен ҚазҰУ дың Қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері дайындалып жатыр. Біздің сабаққа пиар мамандарының ұшқыр адамдары өз тәжірибесімен бөлісуде. КАЗНЕТ тің ерекше мүшесі Асет Нүрпейісов өз тәжірибесімен бөлісті. Жалпы біздің алдымызда үлкен болашақ күтіп тұр. Жолдарын болсын болашақ пиар мамандары.

Шенгелбай Дарын

0
2
542

Қазақ мұнайының 25 пайызына Қытай иелік етеді

 Financial Times («Файнаншл Таймз») басылымы ақпанның 22-індегі нөмірінде Қазақстан Қытаймен арада құны миллиардтаған долларға бағаланатын бірқатар келісім-шарт жасады деп жазады. Осылайша Астана біртіндеп Мәскеудің ықпалын азайтып, Пекиннің ығына қарай жығылып бара жатыр деген ой айтады басылым.Сейсенбіде Пекинде кездескен екі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның суды пайдалану құқығынан бастап Қытайға уран жеткізу және энергетикалық инфрақұрылымдарға 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз беру секілді бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізгенін жазады Financial Times.

0
2
370

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Қ.Бозымбаев Президентке 2010 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, ағымдағы жылға арналған жоспары туралы баяндады.

Кездесу барысында сондай-ақ Жамбыл облысында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы әңгіме болды. 2010 жылы инвестиция тарту көлемі 140 миллиардтан астам теңгені құрады, бұл 2009 жылдан 58 пайыз артық. Өңдеуші, металлургиялық және кен-байыту салалары бағым бағыттар болып табылады

0
0
480

Кабельдік желілер "бірінші түймелерін" отандық телеканалдарға беруге тиіс

 Кабельдік желілер өз пакеттерінің "бірінші түймелерін" қазақстандық телекомпанияларға беруге тиіс, деп есептейді Қазақстандық телерадиотаратушылар қауымдастығының (ҚТҚ) президенті Бейбіт Әлібеков.

"Кабельдік операторларды өздерінің хабар тарату пакеттерінің "бірінші түймелерін" ұлттық және жергілікті эфирлік телекомпанияларға міндеттеу керек. Ресейде мұндай норма бар", - деді Б. Әлібеков "Телерадиотарату туралы" заң жобасын талқылауға арналған "дөңгелек үстел отырысында

0
0
895

Журналистика Құпиясы

Мен журналистика факультетінің пиар кафуедрасының 1курс студентімін. БАҚ-тың хабарын естіп жүрегім тыныштық таппай жатыр. Ағылып келіп жатқан жаңалықтың жартысы шың ақпарат болса оның жартысына тіпті сенуге қорқасын. Ия бұл шеру митингілер қайдан басталды? кімнің бұйрығымен басталды? бұның барлығы қазір менің жүрегімде көкейтесті мәселе болып тұр.  1курс студенттері қалай өз еркімен шеруге шығады? сонда деканның кетуі кімге керек болды? әрине бұл жағдайдын барлығы үлкен саясат. Бұл Шерудін түбінде улкен құпия жатыр.

0
3
479

Қоғаммен байланыс

Қуат Домбай. Қазақстандағы шіренбеген PR, немесе компанияны жарнамасыз қалай көтеруге болады деген кітабын оқуынызды ұсынамын. Бұл кітаб қоғаммен байланыс саласында жұмыс істеп жүрген немесе оқып жүрген адамдарға үлкен үлесін тигізеді.Берілген кітапта қоғаммен байланыс шеберінің танымал мамандыққа арналған материалдары мазмұндалған.Автор өзінің сегіз жылдық алдыңғы қатарлы Қарашығанық Петролиум Оперейтинг (Ақсай қ., ШҚО) мұнай газ жобасының PR бөлімінің жетекшісі ретінде және "GSM Қазақстан/Kcell" 65 м. компаниясының ұжымдарымен байланыс жөніндегі Директоры қызметіндегі тәжірибесімен бөліседі. Кітап жас мамандарға, сонымен қатар PR тәсілдерін өз компаниясының абыройын тұрақтандыруды қалыптастыру үшін пайдаланғысы келетін әрбір адамға бағытталған. Кітапта тек қазақстандық тәжірибе мысалға…

0
1
1200