Қазақ мұнайының 25 пайызына Қытай иелік етеді
Financial Times («Файнаншл Таймз») басылымы ақпанның 22-індегі нөмірінде Қазақстан Қытаймен арада құны миллиардтаған долларға бағаланатын бірқатар келісім-шарт жасады деп жазады. Осылайша Астана біртіндеп Мәскеудің ықпалын азайтып, Пекиннің ығына қарай жығылып бара жатыр деген ой айтады басылым.Сейсенбіде Пекинде кездескен екі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтаоның суды пайдалану құқығынан бастап Қытайға уран жеткізу және энергетикалық инфрақұрылымдарға 5 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз беру секілді бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізгенін жазады Financial Times.
