Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады.
Қ.Бозымбаев Президентке 2010 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, ағымдағы жылға арналған жоспары туралы баяндады.
Кездесу барысында сондай-ақ Жамбыл облысында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы әңгіме болды. 2010 жылы инвестиция тарту көлемі 140 миллиардтан астам теңгені құрады, бұл 2009 жылдан 58 пайыз артық. Өңдеуші, металлургиялық және кен-байыту салалары бағым бағыттар болып табылады
