Мобильдік топпен кезекті кездесулер өткізілді.
А.ж. 11 сәуірінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында мобильдік топ «Алматы» ауданы бойынша барлық мекеме қызметкерлері мен «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» РМК ұжымымен кездесулер өткізді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Төлегенұлы Қаскин қоғамда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар туралы айтып, азаматтарды жемқорлықты жою үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Мобильдік топ спикерлері мемлекеттік билік институттарына қоғамның сенімін нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға ерекше назар аударды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, азаматтарды қабылдау жүргізіл…