ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша семинар-кеңес.

   

А.ж. 29 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік бақылау ережелерін түсіндіру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есептік ақпаратты ұсынуға жауапты орындаушылар қатысты.

Бастапқы сөзінде Департамент басшысының міндетін атқарушысы Жазира Жылқышиева мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесін максималды оңтайландыру маңыздылығын, мерзімдерін қысқарту қажеттігі және қайталанатын рәсімдерді мүмкіндігінше жою туралы атап өтті.

Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысы және мемлекеттік органдардың ұсынатын есеп сапасы жайлы Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Айжан Умаралиева, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау ережелерімен бас маман Әсел Иманова таныстырып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізілді.