«АДАЛ БОЛ!» республикалық акциясы жалғасуда
Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бесінші басымдылығын іске асыруға білім беру саласының мекемелері белсенді қолдау көрсетуде. Жоғары оқу орындары белсенді азаматтық позициясының қалыптасуына ықпал етеді, ал оқытушылар құрамы студенттер үшін үлгі болып табылады.
«Адал бол!» республикалық акциясы елдегі жоғарғы оқу орындарын қамтып келеді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері өздерінің азамматтық тұрғыдан көзқарастарын білдіріп, «Парасыз болашаққа. Бірге!» флешмоб – акциясын «Адал бол!» атты ұранымен қолдады. Студенттік және академиялық ортадағы жемқорлық жағдайларын барынша азайтуға және жоюға бағытталған ауқымды жұмысты білім беру мекемелері жүзеге асыруда.
Еуразия Ұлттық университеті эстафетаны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне табыстады. Науқан аясында жоғары оқу орындарына жүктелген міндет емтихан уақытын барынша ашық, әділ өткізу болып табылады. #АдалБол!#ПарасызБолашаққаБірге!

