Мүгедектерге үйде қызмет көрсету қызметі ел игілігі үшін!
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтералуға қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл біздің алдымызда тұрған басым міндеттердің бірі болып табылады. Осы орайда ХҚКО «Мобльді ХҚКО» эжұмысын іске қосқанын баршаңыз білесіздер. Аталмыш қызмет өз жұмысының жемісінде беріп келеді. Мобильдік ХҚКО шығу қызметі тек қана 1 және 2-топтағы мүгедектерге көрсетілетіндігін атап өту керек. Аталған азаматтар санаты call-орталыққа 1414 нөміріне хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінім бере алады, ол 5-7 минут көлемінде өңделеді. Бұдан кейін қызметкерлер өтініш берушімен байланысып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімін ұсынады және өтініш берушіге келу үшін барынша қолайлы уақытты белгілейді. Мобильдік топ өтініш берушінің үйі…




