Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан!
«Алтау ала болсы ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» - деген қазақ даналығы, ел бірлігін ту еткен қазақ елінің басты ұстанымыекені баршамызға белгілі. Осы орайда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялап, бірнеше жылдан бері атап өтудеміз.
Аталмыш мерекені кеңінен атап өту мақсатында «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының Тараз қалалық №1 бөлімінде «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан!» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Днипро» украин этно-мәдени орталығының төрағасы, Тараз қаласының Құрметті азаматы, «Достық» орденінің иегері Ф.Клитменкомен кездесу өткізілді.



