Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«1414» Бірыңғай Cаll-орталығының жұмысы тиімді

Тараз қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдау да жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында элек- тронды қызмет түрлерін пайдалануға барлық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, электронды үкімет пор- талын пайдалануды үйретеді.1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде ғаламтор болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекенжай анықтамасын орталыққа келмей-ақ, үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электрон- ды үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса, сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарла- сып, олардан кез келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.

Айнұр Куримбекова

ХҚКО Тараз қалалық №2 бөлім инспекторы

0
0
519

Осы тақырып бойынша

«1414» Бірыңғай Cаll-орталығының жұмысы тиімді - Yvision.kz