Мен нұротандықпын
Біздің партиямыз – «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырады.Еліміздің жетістіктері жүздеген мың партияластардың еңбекқорлығымен, сондай-ақ біздің партиялық бағдарламаларымызды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты.Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіне айналып, «Nur Otan» партиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Парт…