Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен нұротандықпын

"Нұр Отан" - мемлекет үшін зор үлесі бар жетекші партия. Елбасының бастамасымен құрылған партия бүгінде ел дамуының қай саласында болмасын орасан еңбекті жүзеге асырып, халықтың ықыласына бөленуде. Тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында атқарылған мәдени, тарихи, саяси, экономикалық т.б. жұмыстар мен қоғамдағы толеранттылық пен татулықты сақтауда партия мүшелерінің үлесі ұшан-теңіз.

"Нұр Отан" бұл - "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын" тату ұжымдасқан әрі шебер ұйымдастырылған партия. Бұған жыл сайынғы партияның алға қойған мақсаттары мен жүзеге асырып отырған бағдарлама, жоспарлары дәлел. Мен "Нұр Отан" партиясының мүшесі болғанымды мақтан тұтамын.

Нұргүл Омарова, Сайқын ауылы

#меннұротандықпын

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Мен нұротандықпын - Yvision.kz