Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен нұротандықпын

Мен - нұротандықпын! Еліміздің бірінші жетекші партиясы болып табылатын "Нұр Отанға" мүше болу, оның ұстанған басты бағыттарын жүзеге асыру үшін жұмыстану - әр мемлекеттік қызметкер үшін абырой әрі міндет. Сондықтан да партияның мүшесі ретінде алға қойған мақсаттарды орындау үшін өз аймағымызда да жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеміз. Доктринаға сәйкес партияның идеологиясындағы

басты құндылық - адам болып табылады. Сондай-ақ,

Бостандық

Заңның үстемдігі

Әділеттілік

Ынтымақшылдық

Болашаққа ұмтылыс

Отбасы және Дәстүр сияқты құндылықтарды сақтап, ел арасында, жастардың ортасында насихаттауға тырысамыз. Партия Президенттің стратегиялық жоспарларында көрсетілген әлеуметтік бағдарлы мұрат- мақсаттарын іске асыруға бұдан былай да ұмтыла бермек. Партияның «Жас Отан» жастар қанатын ұйымдастыру-саяси тұрғыда нығайту, оның қызметінің дербестік сипатын дамыту және оған жастардың барлық топтарын тарту да ауылдық жерлерде жүзеге асып келеді. Мен партияның болашағына, жоспарлы істерді жүзеге асырудағы басты ұстанымдарына сенемін әрі қолдаймын. Өйткені бұл - мақсаты айқын, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті берік ұстанған партия. Мен "Нұр Отан" партиясының мүшесі болғанымды мақтан тұтамын! #меннұротандықпын #бастауышпартиянегізі 2021.

Медет Сисенов, Хан ордасыф ауылы

0
0
125

Осы тақырып бойынша

Мен нұротандықпын - Yvision.kz