Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Чемпионмен жаттығу

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан 30 жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спортты дамыту жолында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Елімізде спортқа зор көңіл бөлініп, бұл сала әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосылып келеді.

Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының денсаулығына әсер етеді. Дені сау, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ.

Еліміздің спортшылары әрқашанда халықаралық ареналарда ірі табыстарға жетіп жүр. Біздің ауданымызда талай спорт ареналарын бағындырған чемпиондар көп, олардың есімдерін баршамыз білеміз және мақтанышпен айта жүреміз.

Бүгін Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы ел чемпиондарын қолдау және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне орай жергілікті мекемелер және халық арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында «Қазақстанның Чемпиондарын қолдаймыз» және «Чемпионмен жаттығу» ұранымен өткен таңғы көпшілік жаттығуына кір тасын көтеруден облыс чемпионы Қуанғали Жанғуатұлымен "Т.Жароков" БПҰ мүшелері Бөкей ордасы ауданының "Ертөстік" бөбекжай кешені қызметкерлерімен бірге таңғы жаттығу өтті.

0
0
240

Осы тақырып бойынша

Чемпионмен жаттығу - Yvision.kz