Жаңаөзеннің 20 жылда қордаланға мәселесі радикалды шешімге әкелді
Мереке кезінде Жаңаөзенде болған оқиғаны ауылда жүріп естідім. Өйткені бүкіл арналардағы мерекелік даңғаза шаралардан тамашалаудан жалығып, өз шаруаммен жүргенмін. Ауылдан келе сала жаңалықтарды үзбей қарай бастадым. Айтып жатқандары (үкіметтік арналардың) сұмдық! Бір деректі фильмді қалай тез жасап үлгергенін білмедім барлық арнадан қайталап көрсетіп жатты. “Шар, жалау алып шыққан балаларды қуды, ақжаулықты ананы, кейуананы шеттеті” деп сайрап жатқан мемлекеттік арнадағы жүргізушінің даусын жақсы таныдым. Бірақ арналар түсінікті етіп айтып жатқанымен, оқиғаның мен үшін түсініксіз тұстары көбейіп кетті. Сонымен әзірге көп ақпаратым болмаса да, бұл оқиғаға қатыспасам да, көрмесем де оны, ондағы қатысқан полиция мен шеруге шыққан мұнайшылар арасында туысым, жанашырым жоқ болса да, демалыс к…