Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1-қазанда көрме өтеді және соның арқасында мұражайды тегін аралап шығуға болады

Жақында Астана қаласындағы Президенттің мәдениет орталығында «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры Алтын және бағалы металдар мұражайында «Мен армандаған зейнеткерлік» атты фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Бұл мәдени шараның қор Тәуелсіздіктің 20-жылдығына орай және Халықаралық Қарттар күніне арнап өткізуде.

Маусым айынан бастап аталған қор арнайы әлеуметтік байқау жариялаған. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі қордың салымшылары өздері түсірген 100-ден аса бейне суреттерін жолдапты. Соның ішінде лайықты 60-қа жуығы таңдалынып алынып көрмеге қойылған. Бұл суреттер бұған дейін Алматы қаласындағы Тәңір-Ұмай галереясында көпшілік көзайымына айналыпты.

Көрмеде қойылғанның барлығы әуесқой жандардың туындысы екенін көпшілік біле бермейді. Бұл бейнелердің сапасы және мағыналылығы жағынан кәсіпқой фотографтардың туындысын кем түспейтіндігін көрсетеді.

«Республика» жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасының кеңесшісі Әлия Ахмалишеваның пікірінше, жобаның басты максаты қоғам өзінің зейнеткерлігін бүгіннен бастап камтамасыз етуі керек.

Осы суреттерді тамашалап шыққан жандар қарттардың басты қуанышы туыстары мен бала-немерелерінің ортасында болу екенін аңғарады.

Алайда көрмені тамашалауға келген жандардың кейбірі бұл суреттерден өздері зейнет жасына келгенде қандай іспен айналысу керек деген сауалына жауап табуда.

«-Мен сегіз айдан соң зейнеткерлердің сапына қосыламын, Көрме көңілімізден шықты. Қазір жұмыс бабымен бос уақытымыз бола бермейді. Алайда ертең зейнеткерлікке шыққасын не істеймін деген ой көкейде жоқ емес. Қарттар бейненлеген суреттерде біреулері зейнетке шыққанда жоспарларын жасырмапты. «Кинотеатр, мейрамхана ашамын» деген ойларын білдіріпті.

Менің де қазірден бастап қолға алған бастамаларым бар екенін жасырмаймын. Зейнеткерлікке шыққан адам демаламын деп шаруаны ысырып қойып отыра алмасы анық. Баспахана ашу ойда бар. Оның құжаттарын ыңғайластырып жүрмін. Ертеңгі күні мен зейнеткермін деген уақытта өзімнің сүйікті ісіммен айналысуға дайын болуым керек»,-дейді біз сөзге тартқан Хамит Исаев.

Алтын және бағалы металдар мұражайының директоры Гауһар Садыбай көрме жайында:

«-Зейнетақы қорымен бірлесіп өткізіп жатқан фото суреттер көрмесін осында өткізілетін шарадан ерекшелеп тұратын бір жай бар. Бұл кәсіпқой фотографтардың туындысы емес. Оны түсірген қордың салымшылары әуесқой жандар. Дейтұрғанмен олардың бәрі жақсы ойды білдіретін позитивті композитивтік құрылымдарға қол жеткізе алыпты. Суреттерге қарап отырып аға толқын қатарына қосылар жандардың қазіргі қоғам жайындағы таным-түсінігінің арманшыл рухта екендігін білуге болады», деді.

Жалпы көрермендер суреттерді тамашалай отырып, олардың ішінде көңіліне жаққандарына, өздеріне ұнағандарына дауыс берді. Шараны ұйымдастырушылар болашақта осындай сурет байқаулары ғаламтор (интернет) арқылы өткізілуін көздеп отырғандарын жеткізді.

P.S Өз басым бұған дейін осы орталықтағы мұражайға барып көрмеген едім. Осы көрменің арқасында ондағы құнды жәдігерлерді тегін тамашаладым. Егер барып көргілеріңіз келсе бірінші көрмені аралайсыз да ары қарай мұражайдың экспонаттарын тамашалайсыз. Ешкім ақы талап етпейді. Мұрайжайда қызықты нәрселер көп екен. Алтын мұражайында қазақ жерінде қазбалардан табылған 6 алтын адамның екеуі қойылған. Сонымен бірге төменгі қабатта Абылай ханның, Қаз дауысты Қазыбек бидің шапандары тұр. Нәмшінің мондалині және Динаның қалақ домбырасы да маған жақсы әсер қалдырды.

Шара туралы жазамын немесе ақпарат аламын десеңіз ұйысдастырушы Әлия Ақмәлишеваны іздеңіз. Сол кісі әрі ұйымдастырушы әрі көмегін аямайды.

1
0
716

Осы тақырып бойынша

1-қазанда көрме өтеді және соның арқасында мұражайды тегін аралап шығуға болады - Yvision.kz