Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Ұйықтар алдында ертең туралы ойла. Онда жаңа таң, жаңа өмір.

Үлкен отбасының жалғыз асыраушысы; анам шаруашылықпен айналысатын, балаларды бағатын. Әкемнің жұбанышы біз және мектеп кезінен әуестенетін сурет болатын. Бізді пленкаға түсіріп, оны түпкір бөлменің қызыл жарығында шығаратын. Таңертең қабырғадағы жіптерде дымқыл ақ - қара парақшалар ілініп тұратын. Кепкеннен кейін суреттер тарихқа айналатын - батырларымен, орындармен, заттармен.

Суреттер бұлыңғыр, әдейі солай жасалынған деп ойлаймын. Оларға ұзақ қараған сайын сол сәттің дыбыстарын, иістерін қазір сезінетіндей сезімдер өткір болатын.

Анам әкемнің суреттерін сырты жасыл барқытты альбомға мұқият салып қоятын. Оны ашып, ағам екеумізге көрсеткенді ұнататын. Мен қарамайтынмын. Өткен уақытта қалып қоюдан қорқатынмын: өзіне тартып алса, қалағаныма жете алмай қалармын. Қорқыныштың тамыры неде болатын? Тереңде мен өткенді армандардан қаттырақ жақсы көретінімді түсінетінмін.

Анам менің қорқынышымды түсініп қойды. Менімен болашақ туралы, алда не күтіп тұрғаны көп әңгімелесуді бастады. Мысалыға, көктем мерекесіне Шекіге баратынымыз туралы. Онда таулар жыл бойы ақ қардан айырылмайтын, Гурджан өзені мұз ерігенде ән салатын, ал Салех аға балдан жасалынған халваны тұздалған қызылша шырынымен бояйтын.

Жоғарғы сыныптарда, Абшероннан қалаға көшіп келгенде, мені бір түс мазалайтын: балалық шағымның батырларымен теңізге түсіп келе жатырмын, кенеттен бір күш мені қара қабырғаға қадап, қимылдауға мүмкіндік бермеуде. Оны ешкім байқамайды, ешкім менің айқайымды естімейді. Достарым кетіп барады.

Шыдамай, қорқыныштарымды әкеме айттым. Ол мені құшақтады. "Өткеннен қорқудың қажеті жоқ, Финик. Оны ұмытпау керек, бірақ тереңге батпа. Егер тереңге батып кетсең, уақытында шығып үлгер. Әйтпесе тұншығасың. Ұйықтар алдында ертең туралы ойла. Онда жаңа таң, жаңа өмір."

Сол кезден бері ойларым өткенге алып кеткен сайын, өзімді осы шаққа қайтаратынмын, қиындықтарға қарамастан талпынатын армандарымды есіме түсіріп. Ол түсті қайтадан көрмедім.

Эльчин Сафарли. Теңіз туралы айтып берші. 10 бөлім.

0
0
567

Осы тақырып бойынша

Ұйықтар алдында ертең туралы ойла. Онда жаңа таң, жаңа өмір. - Yvision.kz