Алматы облысының кәсіпкеріне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартылған
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша негізсіз бас тартуды анықтады. Жеке кәсіпкер кәсіпкерлер палатасы арқылы жергілікті атқарушы органдардың Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан өз аумағында дүкен салу үшін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша бас тартуына қатысты өтініш білдірді. Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің бас тартудың себебі, жер учаскесі республикалық мақсаттағы автожолдың жол бойындағы белдеуінің қоныстану аумағында орналасқандығынан болған. Департамент өкілдерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен және "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Оның барысында кәсіпкердің жер учаскесінде дүкен салуға мәселесі қаралып, оң шешімін тапты. Кәсіпкерді…