Дұрыс таңдау жасау маңызды!
Талантты, білімді, белсенді жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манап Қ.Т , Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының студенттеріне арнайы семинар ұйымдастырды.
Іс шара барысында жастарға «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне түсу талаптары, тестілеу, еңбек өтілісіз орналасуға болатын қызметтермен таныстырылды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен жаңалықтар туралы, кәсіби жетістіктерге қол жеткізу, лауазымдар бойынша өсу мүмкіндіктері турасында әңгіме өрбіді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті
