Кешіре білеміз бе?
Біз бәріміз де Алланы мойындадық және де мойындаймыз. Оның бәрімізге парыз қылған амалдары мен сүннәттарын орындаймыз. Жұма сайын жұма намазға мешітке жиналып, жамағатпен намаз оқимыз. Бейсенбіде иіс шығарып, құдайыжолы, бейшенбілік жасаймыз. Басымызға қиындық іс түссе Алланы ауызға алып, кешірім мен жәрдем тілейміз. Бар жақсылық пен жамандықты алладан деп танып, шүкіршілік жасаймыз. Қолымыздан келгенше қайырымдылық жасауға тырысамыз. Хадистерді оқып, уағыз тыңдап, санамызды зерделеп, иманымызды күшейтіп, сабырымызды ұзақ ете гөр деп Жаратқаннан жәрдем тілейміз. Бір үлкен іс бастасақ құрбандық шалып, Аллаға шүкіршілік етеміз. Бәрі де жақсы ау...Алланың амалдары мен парыздарын орындап жатқанымыз шүкір ау...бірақ, біз бір нәрсеге шамамыз жетпейтін сияқты. Ол - кешірім жасау, кешіре білу. Қа…