Драматургия саласына мойын бұра бастадым....
Драматургия саласына мойын бұра бастадым....
- Осы құтырған ит мені неше рет көрсе де, абалап үргенін қоймайды, әкеңнің – деді ауыл әкімі Манап. – Сәлембердік, жеңше. Амансыз ба?
- Ә, әкім қайным екенсің ғой. Амансың ба шырағым? Енді ол ит болған соң үреді дә. Анда-санда сүйек тастап тұрсаң ұмытпас еді ғой, - деп кеңкілдеп күледі.
- Әй, осы жеңешемнің әзілі де жарасымды ғой, өзіне, - дейді әкім.
- Қой, мен шәй қояйын, - деп әйел орнынан тұра бастайды.
- Жо-жоқ, жеңеше. Мен асығыспын. Бұйыртқан шәй болса, кейін көре жатармыз. Мен әлгі...(күмілжиді).
- Иә, аманшылық па? – дейді әйел бір нәрседен секем алғандай.
- Аманшылық қой, әлгі...аманшылық болғанда да не ғой, әлгі...
- Не болды? Айтсаңшы енді, адамның жүрегін ауыртпай?
- Сіз тек уайымдамаңыз. Әлі белгісіз ғой...әлгі...
- Әй, шырағым, «әкесі өлгенді де естіртеді» деген, не болды соншама, соғыстан қаралы қағаз әкегендей, - деп әйел дауысын қатайтады.
- Қысқасы, мен әлі толық ештеңе білмеймін. Маған жаңа аудан орталығынан хабарласты. Әлгі сіздің үлкен қалада оқитын кенжеңіз...
- Апырмай, Санжарым...не болды...аман ба? – әйел жүрелеп көрпешеге отырып, жүрек тұсын басады. Әкім қасына жүгіріп келіп, үстел үстінен су алып береді.
- Аманшылық, жеңше, аманшылық. Аманшылық болғанда оны полиция қамап тастапты.
- Не дейді? Пәлициясы несі? Ол не, адам өлтіріп пе? – деп әйел жылап жібереді.
