Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтуде.

2015 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтуге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен наградталды.

Кәсіптік саласында үздік еңбегі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс белгісі Атырау облысының еңбек инспекциясының басшысына берілді.

Сонымен қатар облыстық маслихат аппаратының, қала және аудан әкімі аппараттарының қызметкерлері облыс әкімі мен Департамент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара шеңберінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Департаментпен мемлекеттік қызметшілер арасында билярдтан турнир, сонымен бірге спорттың тоғыз түрінен спартакиада өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған ұқсас шаралар  Атырау облысының барлық аудандарында өткізілді.

Салатанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

0
0
457

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтуде. - Yvision.kz