Венада қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды
«Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу үшін барлық жағдайларды жасады. Шетелдік инвесторлар кеңесі тиімді жұмыс істейді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды, онда ағылшын заңдарының принциптері бойынша тәуелсіз қаржылық сот жұмыс істейді.Біз ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болдық және инвестицияларды қорғау туралы 50-ге жуық келісім-шартқа қол қойдық.62 ел үшін визасыз режим енгіздік.Инвестицияларды тартуды күшейтуге бағытталған осы үрдісті жалғастыруда Агенттік адал бизнесті қорғауға негізделген «Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы сүйемелдеу» жобасын іске қосты. Яғни, инвесторларды теріс пиғылды шенеуніктердің тарапынан орын алатын кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғау.Тек 3 айда, біз бағасы 12…