Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – әдепті сақтаудан басталады

2018 жылдың 21 қыркүйекте «Ақжайық» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфиріне Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин мен Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Ж.Мұратов қатысты.

Тікелей эфир барысында бағдарлама қонақтары Агенттікпен мемлекеттік қызмет саласын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің әдебі және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу салаларында атқарып жатырған жұмыстар жөнінде айтты.

Өз кезегінде, Б.Хайруллин «Қоғамдық бақылау картасы», «Адал ұрпақ», «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобаларымен таныстырды.

Бағдарлама соңында Департамент өкілдері мектептердегі заңсыз ақша жинау, қызметтік автокөліктер мен қызметтік куәліктерді қызметтен тыс пайдалану және мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты сыйлықтар алу бойынша тыйым салынғандығын айтып өтті.

0
0
170

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – әдепті сақтаудан басталады - Yvision.kz