Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады
2018 жылдың 25 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тікелей эфирде брифинг өткізілді.
Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу жөнінде айтты.
Спикер Мемлекет басшысы биылғы жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің пилоттық жаңа жүйесін жүзеге асырутапсырғандығын атап өтті. Пилотты орган ретінде Агенттік, Әділет министрлігі, Маңғыстау және Астана қалаларының әкімдіктері анықталды. Бұл жобаны дайындауды Агенттік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылдан бастады. Бүгін, қызметкердің жалақысы тек қана екі параметрден тұрады – еңбек өтілі және атқарып отырған лауазымы, бұл ретте, атқарып отырған жұмысының күрделілігі мен қызметкердің тиімділігі есепке алынбай, сыйлықақы, үстемақылар бірдей өлшемде беріледі, орталық пен аймақ мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ, мемлекеттік пен жеке сектордың қызметшілерінің еңбекақысында тепе-теңсіздік пайда болды.
«Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі айтылған мәселелерді жояды. Ол факторлы-баллдық шкала негізінде тіркелген бөлігінен және бонустар – ауыспалы бөлігінен тұрады» - деді Болат Исақов.
Қолданыстағы тізілімнен ерекшелігі, деңгейлер осы лауазымдағы жұмысты атқару үшін қажетті білімге, қабылдаған шешімге деген жауапкершілік дәрежесі мен түпкі нәтижеге байланысты анықталды. Осындай лауазымдарды бағалау жүйесі АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия және т.б.
Қазақстанда бүгінгі күні бұл әдіснаманы 174 жеке және квазимемлекеттік компаниялар енгізіп отыр.
Пилоттық жүйе енгізілген мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары 2 есеге өсті. Бос орындарға конкурстар 3 есеге өсті, кадрлардың кетуі 3 есеге қысқарды. Бұл жергілікті жерлерде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кадрлық әлеуетті күшейтті.
Аймақ пен орталық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысындағы тепе-теңсіздікті қысқарту – енгізілгелі жатырған жаңа жүйенің оң аспектілерінің бірі.
Жалақы мөлшерінің ажырауы 70%-дан 10%-ға қысқартылды.
Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, бірінші кезекте, мемлекеттік органдардың ішкі резервтер есебінен жүзеге асырылатын болады.
Биылғы жылғы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ведомствалық бағынысты ұйымдарды жекешелендіру мен шоғырландыруды жеделдетуд және босатылған қаражаттарды еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне енгізуді тапсырды.
Қазірдің өзінде мемлекеттік органдардың басшылары үнемделген қаражатты қызметкерлердің жалақыларын көтеру үшін үстемақы белгілеу арқылы пайдалануға болады» - деді брифинг спикері.
