Мемлекет басшысының Жолдауын сәтті жүзеге асыру – ортақ міндет және үлкен жауапкершілік
2018 жылдың 17 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С.Жұбаныш облыстық радионың «Заң таразысы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.Бағдарламада Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауының одан әрі жүзеге асырылу мәселесі талқыланды.А.С.Жұбаныш Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары біздің еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратындығын айтты. Қазіргі таңда Қазақстан әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, инвестициялық климатты жақсарту, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, сондай-ақ басқа да салаларда маңызды жетіст…