Әдеп жөніндегі кеңес отырысы
Ағымдағы жылдың 11 қазанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылық профилактикасы, әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет нәтижесі, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері, сондай-ақ, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі мен Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Алдымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында, Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтің Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарында ағымдағы жылдың 9 айында орын алған жүйелі сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілеріне қатысты есебі тындалып, нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен аудандағы сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында жүргізіліп жатырған шаралардың тиімділігіне талдау жүргізу және аталған бағытта дәйекті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.
Келесі, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру мәселесі бойынша Бөрлі ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қызмет нәтижелерін қарау негізінде Бөрлі ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дархан Агедиловтің есебі тындалып, нәтижесінде Кеңес тарапынан әдеп жөніндегі уәкілге, заңнамамен берілген құзыреттілікті кең-ауқымды пайдалана отырып, өзіне жүктелген функцияларды толыққанды жүзеге асыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс берілді.
Бұдан әрі, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде, облыстық жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижелері қаралып, оның қорытындысы бойынша Кеңес тарапынан барлық мемлекеттік органдар атына. әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін қарау барысында ағымдағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.
Жаңақала ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде, аудан тұрғынына жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскесін заңсыз тегін беру мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абзал Гайнуллинұлы Ахметовқа қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде аталған тұлғаның іс әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауға қатысты бұзушылық белгілері анықталмауына байланысты, Әдеп жөніндегі кеңесімен қозғалған тәртіптік істі қысқарту туралы шешім қабылданды.
Соңында, санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін объектіге оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мәселесі бойынша Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру материалдары негізінде, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадениет Танауовқа қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, нәтижесінде оң қорытынды берілген объектінің алғашқы тексеру материалдары бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келуіне байланысты, Әдеп жөніндегі кеңесімен қозғалған тәртіптік істі қысқарту туралы шешім қабылданды.
