"АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Бөрлі ауданының ауылдық округтерінде
2018 жылдың 24 және 27 қыркүйек күндері «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Бөрлі ауданының Ақбұлақ, Ақсу, Александров, Бөрлі, Бумакөл, Жарсуат, Кентүбек, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық, Приуралье, Пугачево және Успен ауылдық округтеріне табысталды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттер және флэшмобтар, велошерулер ұйымдастырылды.
Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.
