Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жоғары техникалық мектебіндегі оқытушылар және студенттермен кездесу

2015 жылдың 10 маусым күні Жоғары техникалық мектебінің оқытушылары және студенттерімен «Таза сессия» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш, Сыбайлас жемқолыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл консультанты Б.Хайруллин қатысып, 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын, ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстарына енгізілген өзгерістер туралы дәрістер оқыды.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты, академик, Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Әйтімов жемқорлықпен күрес – бұл ҚР әр азаматының міндеті деп атап көрсетіп, жемқорлықпен күрестегі халықаралық тәжірибеге тоқталды.

0
0
336

Осы тақырып бойынша

Жоғары техникалық мектебіндегі оқытушылар және студенттермен кездесу - Yvision.kz