Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

«Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе»

2020 жылдың 10 тамыз күні облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында «Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру мен арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының секциялық отырысы өткізілді.Шараның мақсаты – педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы инновациялық ортаны қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігін арттыру, цифрландыру бағытында жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру болып табылады.Секция жұмысына Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру ұйымдарына басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлер…

1
0
316

Шетелдік инвестормен кездесу өткізілді

2020 жылғы 7 тамызда «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде «Атамекен» ҰКП БҚО бойынша өңірлік палатасының (бұдан әрі – Өңірлік палата) алаңында шетелдік инвестормен (Түркия Республикасы) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шешім қабылдау кезіндегі заңсыз әрекеттеріне қатысты кездесу өткізілді.Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева, БҚО АМТ басшысының орынбасары Г. Ищанов, Өңірлік палатаның бөлім басшысы М. Нигишева, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында шетелдік инвестор, сондай-ақ оның өкілі қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Олардың айтуларына сәйкес, мемлекеттік және сот органдары ұйымның қалыпты қызметіне кедергі келтіріп, бұл өз ке…

1
0
197

Ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері Көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен онлайн кездесті

2020 жылдың 7 тамыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырылды.Шараға облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Ш.Х.Құрманалина, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.М.Ермеков қатысты.Облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Ш.Х.Құрманалина қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға шақырды.Өз кезегінде, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру…

1
0
279

Зашағанда жол салу барысында бұзушылықтар анықталды

2020 жылдың 06 тамызында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық аланы» жобалық офисімен, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.Ақмырзаевтың, облыс әкімінің орынбасары Т.Шакимовтің қатысуымен, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Жұмалиев, М.Дулатов, Аймауытов көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.Комиссиялық қарау кезінде Жұмалиев көшесінің жөндеу учаскесінде тас-құм қиыршықтас қоспасынан жасалған негіздің қосымша қабатында тығыздығы жоқтығы және су ағуы қамтамасыз етілмегендіктен негіз ылғалдығы шамадан тыс көптігі анықталды.М.Дулатов көшесі бойынша тротуарды орнату кезінде бетонды негізге…

1
0
246

Білім беру гранттарын бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг

2020 жылдың 5 тамызында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен облыстың білім беру гранттарын бөлу саласында жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.Бекітілген жоспарға сәйкес БҚО Білім басқармасы (бұдан әрі- Басқармасы) басшысының орынбасары З.Гумарованың мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет кәсіптік және техникалық мамандықтар бойынша түлектердің жұмысқа орналасу барысына мониторинг жүргізетін маманның қызметін регламенттеуді ұсынды.Мониторинг барысында білім беру гранттарын бөлу саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызме…

1
0
200

БҚО АМТ құрамын жаңарту

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы (бұдан әрі – АМТ) туралы жаңа Ережесінің бекітілуіне байланысты, БҚО АМТ құрамына енгісі келетіндер, сонымен қатар, АМТ-ның қазіргі уақытта мүшелері а.ж. 11 тамызына дейін [email protected] төмендегі құжаттарды жолдаулары керек («БҚО АМТ өтініш» деген белгімен):· осы Ереже қосымшаға сәйкес нысан бойынша АМТ құрамына ерікті түрде қатысу туралы өтініш;· 2) түйіндеме;· 3) 3x4 фотосурет;· 4) жеке куәліктің көшірмесі;· 5) құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан аспайтын уақыт ішінде берілген соттылықтың болмауы туралы, сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардың анықтамалары.Сонымен қатар, БҚО АМТ қазіргі…

1
0
141

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы

2020 жылғы 3 тамызда «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралды.Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ш. Кайрмуханованың есебі тыңдалды.Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет осы мәселені құқықтық реттеуді қамтамасыз ете отырып, аудандық бөлімшелердің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыруға жауапты лауазымды тұлғаны анықтауды ұсынды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау…

1
0
154

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

2020 жылғы 30 шілдеде «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралды.Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің (бұдан әрі- Бөлім) басшысының орынбасары Н. Аманғалиевтің бекітілген жоспарға сәйкес сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет бөлімге ашық және айқын болуды ұсынды, өйткені қала аумағында жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндет болып табылады.Біріншіден, жеткілікті негізбен жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін ескере отырып, тәртіптік жаза…

1
0
264

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары талқыланды

2020 жылғы 30 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2020 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалу барысы тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Саметтің қатысуымен өтті. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Т. Молдашев сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жоспарға сәйкес атқарылып жатырған іс-шаралар туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды. Н.И. Самет өз кезегінде Басқарманың жоспар тармақтарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларымен толықтырылып, орындалуы нақты нәтижелерге бағытталған болу қажеттігін атап айтты. Сонымен қатар, Басқарманың мемлекеттік сатып ал…

0
0
264

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және бағалардың тұрақтылығына мониторинг жүргізілуде

2020 жылдың 28 шілде күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Фармацевтикалық бақылау қызметі, «Nur Otan» партиясының БҚОФ өкілдері, облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшелері, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен Орал қаласының дәріханаларына мониторинг жүргізілді.

Әбілхайырхан даңғылы, 2/4 үй мекенжайындағы дәріхана «Аскорбин қышқылы» сұйықтығын 500 теңге көтеріңкі бағамен (рұқсат етілген бағасы 372 теңге) және Мұхит көшесі, 95 үй мекенжайындағы дәріхана «Аскорбин қышқылының» драже түрін 415 теңге (рұқсат етілген бағасы 235,65 теңге) көтеріңкі бағамен сатқандығы анықталды.

Аталған фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Орал қаласының тұрғыны шағымданды.

Аталған бағыттағы мониторингтер өз жалғасын табатын болады.

1
0
259