БҚО АМТ құрамын жаңарту
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы (бұдан әрі – АМТ) туралы жаңа Ережесінің бекітілуіне байланысты, БҚО АМТ құрамына енгісі келетіндер, сонымен қатар, АМТ-ның қазіргі уақытта мүшелері а.ж. 11 тамызына дейін [email protected] төмендегі құжаттарды жолдаулары керек («БҚО АМТ өтініш» деген белгімен):
· осы Ереже қосымшаға сәйкес нысан бойынша АМТ құрамына ерікті түрде қатысу туралы өтініш;
· 2) түйіндеме;
· 3) 3x4 фотосурет;
· 4) жеке куәліктің көшірмесі;
· 5) құжаттарды тапсыру күніне дейін бір айдан аспайтын уақыт ішінде берілген соттылықтың болмауы туралы, сондай-ақ психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардың анықтамалары.
Сонымен қатар, БҚО АМТ қазіргі мүшелері БҚО АМТ құрамында жасаған қызметтері туралы есептерін қоса тапсыруы қажет.
Туындаған сұрақтар бойынша 98-47-73, 98-47-69 жұмыс телефондарына қоңырау шалып, анықтауға болады.
Сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/50940?lang=ru
