Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
2020 жылғы 30 шілдеде «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары
Н. Самет қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары қаралды.
Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің (бұдан әрі- Бөлім) басшысының орынбасары Н. Аманғалиевтің бекітілген жоспарға сәйкес сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі есебі тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет бөлімге ашық және айқын болуды ұсынды, өйткені қала аумағында жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Біріншіден, жеткілікті негізбен жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін ескере отырып, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау туралы ұсыныстарды енгізу бойынша жауапкершілікті нақты реттеу.
Екіншіден, жасанды манипуляция мүмкіндігін болдырмай, Кезекте тұрғандардың арнайы есебін цифрлау мәселесін қарастыру қажет.
Үшіншіден, бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және ай сайынғы негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар бөлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын толықтыру.
Төртіншіден, бөлімнің интернет-ресурсында қызметтің барлық функционалдық бағыттары бойынша толық және шынайы ақпаратты тұрақты негізде орналастыру.
Бесіншіден, жер комиссиясының құрамына бақылаушы ретінде арнайы мониторингтік топтың өкілдерін енгізу.
Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.
