Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары талқыланды
2020 жылғы 30 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2020 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалу барысы тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Саметтің қатысуымен өтті.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Т. Молдашев сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жоспарға сәйкес атқарылып жатырған іс-шаралар туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды.
Н.И. Самет өз кезегінде Басқарманың жоспар тармақтарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларымен толықтырылып, орындалуы нақты нәтижелерге бағытталған болу қажеттігін атап айтты.
Сонымен қатар, Басқарманың мемлекеттік сатып алу жоспарындағы тауар бағасын өсіру фактілеріне тоқталып, сатып алу жоспарының тармақтарына өзгеріс енгізіп, одан әрі сатып алуды заңнама талаптарын сақтай отырып іске асыру ұсынылды.
